Санамақ – Светқали Нұржан

Бұл бетте «Санамақ» атты Светқали Нұржан жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 16.06.2019
  • 0
  • 0
  • 2347
"Жеті қарақшы — жеті жұлдыз",
Сол жетеудің бірімін.
"Ақбоз, Көкбоз — екі жұлдыз",
Екеуін де мініп кеткен ұрымын.
"Өмірзая — жеке жұлдыз",
Сен де жалғыз тұр екенсің, шыбыным!" —
Деп мен бірде арбап едім бір қызды:
"Жалғыз келдім,
Ер соңымнан,
Сыңар бол!"
Аспандағы санады да жұлдызды,
Сыңқ - сыңқ күліп тілін маған шығарды ол ... 

1988 ж


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері