Жүрегімнің жазуы

Бұл бетте «Жүрегімнің жазуы» атты Светқали Нұржан жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 20.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1995
Үңілсем терең жаныма,
Ұрады көзге бір елес.
Түспесе таңба арыңа,
Елесті іздеу мін емес.
Ондайда тәрк жыр жазу,
Жанса да шабыт шырағы.
Жүректе қалған бір жазу
Оқытпай әуре қылады.
Оқуға соны үңіліп,
Бұлт құсап төндім жауатын.
Қаншама мәрте... мүдіріп,
Жетпей-ақ қойды сауатым.
Қиялға таппай талғажу,
Үңілем күдер тағы үзбей.
Жүрегім — балбал, ал жазу
Балбалға сызған бәдіздей.
Жүзінде жүрек — көненің
Жатады тылсым сыр ұйып.
Жіберген жойып дерегін —
Жымысқы жылдар жымиып.
Бойымда күшім азайып,
Көңіл де кейде қажулы.
Шығар ма ед жыр боп ғажайып —
Оқысам сол бір жазуды?
Көңіл көзіне: Көне ізді
Бәдізді қойдым андытып. —
Толқындарындай теңіздің
Кетеді кейде жан бітіп.
Содан соң келмей сырды үзгім,
Мұңдастым теңіз — құрдыммен.
Жағалауында Құлзымның
Толқынға қарап тұрдым мен...
Шағала шаттық шу келіп
Қиялды сүйреп аулаққа —
Тулаған теңіз бу болып
Ұшуда Алатау жаққа.
Бу ұшқан сайын жоғары
Жөнелді дерсің дүркіреп.
Боз бота бұлтым жаңағы —
Кер үлек болып күркіреп.
Жастықтың есіп наз үні
Көңілімді сол сәт тез бұрды.
Құпия жүрек жазуы
Алатау жақтан көзге ұрды.
Қолына орман - кесте алып,
Алатау — қыз боп ақ маңдай;
Баяғы шақты еске алып,
Орамал бұлғап жатқандай.
Ашылды жанның бір сыры,
Айтарым тез — дүр ендігі.
Құпия жазу тылсымы
Белгілі болды, белгілі.
Көңілім үзбей күдерін,
Білмеппін жіпке тізгенін.
Көшіре берген — жүрегім
Жазу ғып жастық іздерін.
Сол жазу енді тозбасын,
Еске сап жастық пәк кешін. —
Теңіздің бұлт боп — Көз жасы
Жуғанда таудың ақ төсін...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жүрегімнің жазуы өлеңінің авторы кім?

Светқали Нұржан — осы өлеңнің авторы.

Жүрегімнің жазуы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жүрегімнің жазуы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Светқали Нұржан өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жүрегімнің жазуы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері