Қаладан көшу. 1987 жыл

Бұл бетте «Қаладан көшу. 1987 жыл» атты Светқали Нұржан жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 20.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1429
Жерідім бұл даң-дұңнан — қырға барам,
Өзекті өшер емес — тырнаған ән.
Ғафу ет, құрбы — аламан, құрмалаған,
Тыраулап шақыруда тырна далам!
Мың алғыс, кеңесі көп ғұламаға,
Маған тар — дегенменен мына қала.
Түс көрсем қаңғып бара жатам ылғи,
Бет алдым — шаңды қиян, құла дала!
Бұл қала үркітіп тұр кеселі мың,
Көзімді теседі түн, кеседі мұң.
Жатырқап тұрам бәрін,
Қолға түскен
Ұлындай — үндістердің көсемінің.
Шырмама шайтан құрған тор боп мені,
Айналар енді қайтып жол жоқ кері.
Кеткені жақсы қырда жел жеп мені,
Жегенше тас қаланың жендеттері.
Өлеңін сал-сал желдің гүл жаттаған,
Далама кетпей болмас күн қақтаған.
Зәмзәм, деп у — заһарын бұлдап маған,
Жұтардай қу шаһарың жын қаптаған.

Көңілді көншітпейді өлі кеңес,
Жә! Енді жолға тұрма, Жөніңе көш!
Араннан талай алып қашқан мені,
Үркуі жүрегімнің тегін емес.
Мен үшін қырға шығу — ұлы мансап,
Тұратын таңым жырлап, түнім ән сап.
Кеңсайда мүсін болып мүлгіп қалған
Көп ақын мұңайып тұр — қырын аңсап...
Кідіртпе, ең ақырғы көшпендіні,
Байлама шер-шаһарға — өшкен нұры.
Барады қырдағы "өлі қаласына" —
Көшпенді дүниеден көшкен күні!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қаладан көшу. 1987 жыл өлеңінің авторы кім?

Светқали Нұржан — осы өлеңнің авторы.

Қаладан көшу. 1987 жыл өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қаладан көшу. 1987 жыл өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Светқали Нұржан өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қаладан көшу. 1987 жыл өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері