Күзгі бақ – Светқали Нұржан

Бұл бетте «Күзгі бақ» атты Светқали Нұржан жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 20.06.2019
  • 0
  • 0
  • 5134
(Әні бар)

Келіп ем күзгі баққа мен,
Нуларымды іздеп шулаған.
Оқымақ болып жатқа өлең —
Шумағымды іздеп тумаған.
Жадырап қабақ ашпады,
Тарқапты бақтың базары.
Көз жасын сілкіп тастады,
Шыбықтың сынып назары.
Қарсы алды терек аһылап —
Жігіт пе дерсің сөзге азған.
Жел жұлған көгіс жапырақ —
Үміт-көгершін көз жазған.
Мәжнүн тал тұр жүз жылап,
Ызғырық соқса тастарға.
Қанатын жайып күзгі бақ,
Кетердей ұшып аспанға.
Абыржып тұрған жайым бар _
Таптырмай ізін ән шағым.
Мұңайып қалды қайындар —
Сипап ем салқын саусағын.
Жөнелген іздеп көктемді —
Бұлбұлдар салған қыршын ән.
Еске сап өткен-кеткенді
Шығады үн қайдан сыңсыған?
Жаз өтті.
Мен де бастықтым.
Табатын байыз соқты сәт —
Жапырақ жатыр,
Жастықтың
Өртінен қалған шоқ құсап...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Күзгі бақ өлеңінің авторы кім?

Светқали Нұржан — осы өлеңнің авторы.

Күзгі бақ өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Күзгі бақ өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Светқали Нұржан өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Күзгі бақ өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері