Бүршіктер сынды күтпеген жерден көктеген – Шәмшия Жұбатова

Бұл бетте «Бүршіктер сынды күтпеген жерден көктеген» атты Шәмшия Жұбатова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 15.01.2022
  • 0
  • 0
  • 651
Бүршіктер сынды күтпеген жерден көктеген,
Шықты да бұлттан, аппақ ай жүзді көкпенен.
Арман бар менде толықсып туған ай сынды,
Ұшсам да оған, созсам да қолым жетпеген.
Қып-қызыл жалын тал бойды түгел еріткен,
Еріткен сәтте айрылам кейде еріктен.
Ұшқан шар құсап оралып қайта келеді
Асау күндерім алқызыл түсті көрікпен.
Мұндай сәттерде Аспан да менмін, Жер де мен,
Көріністерді көремін ылғи көрмеден.
Құстарды және... қанатын әсем сермеген,
Жанымды және... құлаған, қайта өрлеген.
Жанымды көрдім. Аппақ боп көкте ұшып жүр,
Өмірді сүйіп, тірлікті толғап, құшып жыр.
Тағдырдың сыйы дейсің бе мұны, айтшы, сен,
Мендегі не күй, қолыңнан келсе, түсіндір.
Айтамын алғыс әкелген бақыт айларға,
Мен түсінбеген, мен сезінбеген жай бар ма?
Талықсып қалдым тірліктің бәрін ұмытып,
Бас қойып келіп қандырмас шөлді қайнарға.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бүршіктер сынды күтпеген жерден көктеген өлеңінің авторы кім?

Шәмшия Жұбатова — осы өлеңнің авторы.

Бүршіктер сынды күтпеген жерден көктеген өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бүршіктер сынды күтпеген жерден көктеген өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Шәмшия Жұбатова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бүршіктер сынды күтпеген жерден көктеген өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері