Тағы да тұлпар туралы – Светқали Нұржан

Бұл бетте «Тағы да тұлпар туралы» атты Светқали Нұржан жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 20.06.2019
  • 0
  • 0
  • 2897
Пай, пай, мынау тұлпардың тұрпатын - ай,
Көрген қызық осыған жүр татымай.
"Ыза қылған қолыма бір тигізбей",
Менің де бар Абайлық сырқатым - ай.
Майда сүйек емес.
Бұл — қайла сүйек,
Табылады бойынан қай қасиет ...
Тұяқтарын без қара тасқа малып,
Тұрысын-ай, иегін айға сүйеп.
Суын шатыс тұқымы, құлан шатыс,
Тарпаң шатыс, тұтымы — қыран шатыс.
Бұлан шатыс десең де жарасады,
Қарақашақ, сарыүйек — жылан шатыс.
Дей алмаймын, мүсінін аттан көрдім,
Байшұбардың сойы емес, ақтаңгердің.
Қақпан белдің кірмейді қорасына,
Жан көрмеген өзі бұл — сақпан белдің.
Сипамаған әлі де құрық үстін,
Шашырап тұр көзінен сынып ұшқын.
Қөбекеңнің Құртқасы баптаса да,
Кемдік болад жүйрікте — «қырық үш күн»
Бұл тұрғанда — Текенің арғымағын
Неғылайын, осы еді — бар мұралым.
Өзін өзі жаратқан туа дегдар,
Кемдігі жоқ мысқалдай ал мынаның. 
Тәуір тәуіп көрсе егер үшкірердей,
Тақым артсаң гулер ед үсті желдей.
Пайғамбарым Пырағын түсіп беріп,
Әзірет Әлі Дүлдүлін піштірердей.
Жанарынан оқимын жанды жазу,
Тамырында мысалы — қан қызар у.
Мың дәлдүріш ішінде — Нағыз Ақын,
Кіл қатынның ішіңде — Жалғыз Ару.
Ақын мінсе құйылып бойға шабыт,
Қалар еді - ау, шіркін - ай, ой жасарып. ...
Тұқшыңдаған иесінің тұрқы жаман,
Тұралатпай тынбас-ты, қойға салып!..

1993 ж.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тағы да тұлпар туралы өлеңінің авторы кім?

Светқали Нұржан — осы өлеңнің авторы.

Тағы да тұлпар туралы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тағы да тұлпар туралы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Светқали Нұржан өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тағы да тұлпар туралы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері