Жұмекенді жерлегенде – Светқали Нұржан

Бұл бетте «Жұмекенді жерлегенде» атты Светқали Нұржан жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 20.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1246
Ақын өлді, тағы да, тағы да бір,
Өледі ақын көргенде жаны жәбір.
Тағы да бір құшағын жайды ақынға,
Талайларды қарсы алған Кәрі Қабір.
Ал, аңыра бабаурап, аңыра жыр!
Қайран ақын — тым жұмбақ түр-өңімен,
Сездіретін бір шындық реңінен.
Жүрегінен дәл көздеп,
Ажал қолы
Жанығады көмбек боп күрегімен.
Тіл қатады ол бір күні түнегінен...
Сапарына ұзаттық елді жиып,
Ел сөзіне (шын болса) қалдым ұйып.
Жайбарақат жерге еніп бара жатты ол,
Жылап жатқан жұртына сәл жымиып...
Жасын жұтқан күрсінді қарлы биік.
Ауыр қаза бола ма қазақ үшін? —
Біле алмадым! —
Басылды азалы шу.
...Қыландардың жазылған маңдайына
Тарлан ашқан шағында қаза құшу.
Ауыр қаза болды бұл — Азалы үшін.
Деп: — елесі көңілден жоғалмайды, —
Неге өздерін тірілер көп алдайды?!
Жыр-аққуы құс қайтқан күзде қайтты,
Құспен бірге бірақ ол оралмайды.
Тек күз сайын оралып соғар қайғы.
Жо-жоқ! - Өлді. Көрге енді ақын, әне! -
Ұқпағандар жоқтамас — хақылары.
Қазақ жыры ақынын шақырады,
Шақырады...
Іздейді...
Аһ ұрады!..
Шашылады талдардың жапырағы.
Аһ, ұрғанмен қаша алар кім шындықтан?!
Таппайды ол да ақынды — тылсым жұтқан
Мұхит - өлең тек қана жатады үнсіз,
Құпиясын қымтанып мың сыр бұққан.
Сығалайды мұң тамып — күн сұр бұлттан.
Құпиясын ұға алмай ел шеттетсе,
Ерте өлуді ақындар енші етпек пе?!.
Жырын тастап,
Кетті ағам Тәңіріге —
Ит талаған жүрегін көрсетпекке...
Тағдыр осы...
Ерікті берсек көпке.
Ұлы ақыннан ой ұрлап, ұйқасын ап,
Қоңыз-қырттар інге енді қи тасымақ.
...Тағы да бір Ақынды талатпаққа,
Қала жатыр қаптаған ит асырап...
...Иттерге інім барып жүр шишасын ап...

26.11.1983 ж.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жұмекенді жерлегенде өлеңінің авторы кім?

Светқали Нұржан — осы өлеңнің авторы.

Жұмекенді жерлегенде өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жұмекенді жерлегенде өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Светқали Нұржан өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жұмекенді жерлегенде өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері