Таң қауызын жарғанда

Бұл бетте «Таң қауызын жарғанда» атты Светқали Нұржан жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 20.06.2019
  • 0
  • 0
  • 2039
Көз көгермей жүрсем де, сөзге де ермей,
Сүре алмадым ғұмырды өзгелердей.
Айды арылтып тастаппын, жыл жеңілтіп,
Тейім жұмсақ болса да тезге көнбей.
Отыздың да орманын отап келем,
Адастырып жастықты кезбе желдей.
Бір Мұратқа жеткізбей мақсатым мың,
Бос қапылдым, болмасқа бас қатырдым.
Ұқпайсың деп сөзімді тасқа ақырдым,
Ал тас, жырын мақтады басқа ақынның.
...Төлегеннің ғұмырын жұтып алып,
Абай өлең бастаған жаста тұрмын...
Мойыныма артқанда түн білегін,
Жұлдыз саулап жүзімнен бүлдіремін...
Қауызында жүректің мұң қалады,
Шымшық көзді мұзындай сүмбіленің.
Өте шықты жүдеп жаз, сыңсып көктем,
Орман — тұттай, кеп-кеше бүршік төккен.
Арманымның сағымын сипап қалдым,
Ұстай бере қолымнан сусып кеткен.
Тыншытты еппен әуенін елжірек тал,
Тек жүрек бар кеудемді ыршып тепкен.
Итсигектер шеккенде изенге айбат
Солды қурай — үрейден бизар бейбақ.
Сусиды кұм, сыңсиды қоян сүйек,
Ал нарпоздар кірпікке мизам байлап.
Мизам-сезім шырмаған тағдырларға
Қарап тұрып қамығам үй-жанды ойлап.
Күн саусағы берсе сан бояуды аршып,
Түн қашады — төбеңді ояр жаншып.
Күллі Аспанды қамайды Кірпігіне,
Таң қауызын жарғанда оянған шық.
Қазынамды әлдері жеткенше алып,
Бағымды отап жүрген кім кетпен салып?..
Шық-тағдырлар күнәсіз мөлтеңдейді,
Жапырақтың жүзінен кеткенше ағып.
...Жылан бұққан бұтаның төбесінде
Бозторғай тұр шырлаған - неткен шабыт?!.
Мына тамшы - үн құлай ма, құламай ма?
Жұтар ма екен мұны да жылан-айла?
Таң қауызын жарғанда оянған шық,
Дірілдейді таба алмай қылар айла.
...Төлегенді оқысам түңілемін,
Үңілемін содан соң ұлы Абайға...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Таң қауызын жарғанда өлеңінің авторы кім?

Светқали Нұржан — осы өлеңнің авторы.

Таң қауызын жарғанда өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Таң қауызын жарғанда өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Светқали Нұржан өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Таң қауызын жарғанда өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері