Ескі Түркістан

Бұл бетте «Ескі Түркістан» атты Мағжан Жұмабаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

1. ЕСКІ ШАҺАР
Ескі шаһар - таң дүние,
Салар болсаң назарың,
He көресің?
Көресің -
Майдан сайын мазарын.
Мазар сайын мың сопы
Саулатып тұрған ғазалын.
He көресің?
Көресің -
Мөлиген мешіт ажарын.
Мешіт сайын сан молда
Аңыратып тұрған азанын.
He көресің?
Көресің -
Ыңыл-жыңыл базарын -
Бүлкілдетіп әр жерде
Қайнатып жатқан қазанын.
He көресің?
Көресің...
Тоқтайын, талар назарың!

2. АРБАКЕШ
Ыңылдайды арбакеш,
Арбаңдайды арбасы.
Ырғалады ол, ырғалад
Астындағы жорғасы.
Қойнында бар қауыны,
Қолында қызыл алмасы.
Кұлаққа гүл қыстырған,
Берген шығар қарғасы.
Сағыздай созар сәлемін,
Қарсы келсе молдасы.
Мешіт көрсе, мөлиед
Тұрғандай төніп Алласы.
Өте берсе орыстың
Бүлкіл бөксе маржасы -
Ыңылдайды арбакеш,
Арбаңдайды арбасы!

3. ӘЙЕЛ
Пәренжі үсте - бітеу қап,
Бетінде перде - шімбеті.
Шімбетінің астында
Гүл шырайлы шын беті.
Желпіне алмай, жамылып,
Быршып тұрған тер беті.
Шаңырақ сырға құлақта,
Мөлт-мөлт еткен меруерті.
Зәмзәм құйған құтыдай
Домаланған келбеті.
Тарта беру тымпиып -
Көшеде оның міндеті.
«Ағузы біллеһи, әйелге
Мұтлақ харам ер беті».
Түркістанның тақсыры-ай,
Құдіреттен күшті-ау құдіреті.


Пікірлер (8)

мммм

Туркистан олени жокпа

Баха

Сонңғы екі жолда нені меңзеп тұр кім түсіндіреді

Елнұр

Мыкты олены барма ен мыктысы

????Жалил Талшын????

Не деген керемет өлен

????Жалил Талшын????

Күшті

Жалил Талшын

Керемет

Айша

Мағжан Жұмабаевтың Ескі Түркістан өлеңі ұнады

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ескі Түркістан өлеңінің авторы кім?

Мағжан Жұмабаев — осы өлеңнің авторы.

Ескі Түркістан өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ескі Түркістан өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мағжан Жұмабаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ескі Түркістан өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері