Жаталақ – Бейсебай Кірісбаев

Бұл бетте «Жаталақ» атты Бейсебай Кірісбаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 23.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1308
Қарап күлер кісі көп,
Есегім бар түсі көк.
Арқасына жабысқан
Менімен түк ісі жоқ.

Көк жалқаудан аумайды,
Тек үй жаққа заулайды.
Қыши қалса жотасы,
Жата қалып аунайды.

Болсам дағы қатал-ақ,
Көк есегім жаталақ.
Мен түгілі атамнан
Ұялмайды сақалы ақ.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері