Зоопаркте – Бейсебай Кірісбаев

Бұл бетте «Зоопаркте» атты Бейсебай Кірісбаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 23.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1296
Әжесі:
– Қарашы, Бек, мына аңға.
Немересі:
– Ұзынтұра шұбар ма?..
Әжесі:
– Неге ұқсайды сеніңше?
Немересі:
– Мойны ұқсайды кранға.
Әжесі:
– Аты не оның, қарағым?
Немересі:
– Қазір, әже, табамын…

Сен де ойлағын баланың
Айтатұғын жауабын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері