Боран

Бұл бетте «Боран» атты Өтепберген Ақыпбекұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 24.06.2019
  • 0
  • 0
  • 4344
Күннiң ашық жайдары,
Аяқ асты тайды әрi:
Жаңбыр жауып,
Қар ерiп,
Айна мұзға айналды.

Ертеңiне,
Екпiндеп,
Боран соғып, кеттi үдеп:
Мұздың үстiн тазартып,
Қырбақ қарды өттi үрлеп.

Сәл дем тартып,
Бұл тынып,
Қайта соғар құтырып:
Жұлқылайды шатырды,
Әкетердей ұшырып.

Тұрақ таппай ол өзi,
Тек зымырай бередi:
Ұшыратын қар да жоқ,
Аяп кеттiм мен оны.

Үнi неше құбылып,
Терезенi тұрды ұрып:
Үйге кiрiп ол әлде,
Алмақ па екен жылынып…


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Боран өлеңінің авторы кім?

Өтепберген Ақыпбекұлы — осы өлеңнің авторы.

Боран өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Боран өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Өтепберген Ақыпбекұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Боран өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері