Құрсағында анамның зор қуаныш бұғып жүр
Бұл бетте «Құрсағында анамның зор қуаныш бұғып жүр» атты Өтепберген Ақыпбекұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.
1
“…Уақыт тығыз…
Амал жоқ,
Қызметтен қалам…”– деп:
Қиналмайды ендi анам,
Ала таңнан алаң боп…
Жаны тыныш,
Күнде үйде,
Шай iшемiз бiз бiрге:
Жүрiсi ауыр…
Толысып,
Түстi анам бiр күйге…
“Жабысты ма бiр iндет?..”–
Жөн сұрасам бiлгiм кеп…
Анам күле сөйлейдi:
“Демалыста жүрмiн!..”– деп.
2
Бiр шаруаны қолға алар,
Болса анам:
“Қой, доғар!..”–
Деп бəйек боп ақ əжем,
Атам бiрге қозғалар…
«Мен iстейiн мұны!.. ”– деп,
Əкемде де тыным жоқ:
Анау-мынау шаруаға,
Бұрылмайтын бұрын көп…
Нышаны екен ненiң бұл,
Халат киген көгiлдiр:
Отбасылық дəрiгер,
Үйге жиi келiп жүр.
Қарап, байқап, ұғып сыр,
Ойға кетем қызық бiр:
Құрсағында анамның,
Зор қуаныш бұғып жүр!..
3
Бiр адам жоқ сырттаған,
Дəрiгер де, жұрт та алаң:
Бөленуде –
Аялы,
Қамқорлыққа жүктi анам!..
“Алда əлi – той, қызық!..”
Үнсiз қалам томпиып:
Атам менен əжемнiң,
Сөздерiнен ой түйiп…
Өркендеген осы елде,
Шалдықпайды кеселге:
Барлық адам,
Əрi арман –
Құрсақтағы бөпем де!..
- Шәкәрім Құдайбердіұлы
- Әл – Фараби
- Төлепбек Жантай
- Есбол Бозан
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі