Қалжа – Өтепберген Ақыпбекұлы

Бұл бетте «Қалжа» атты Өтепберген Ақыпбекұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.10.2021
  • 0
  • 0
  • 1213
Əжем гүлдей жайнады,
Атам тiптен жайдары:
“Қалжасы,– деп,– келiннiң.”
Қой сойды атап
Арнайы.
Жөн сiлтейтiн батыл тым,
Əжем – кенi ақылдың.
Қалжаның мəнiн ақырын,
Тəптiштеп сұрап жатырмын.
“Рəсiм, күнiм, бұл ұлы,–
Деп əжем сөйлеп, қызынды. –
Қалжа жеп, сорпа-су iшсе,
Анаңның бекiр буыны.”
“Мəнi көп мұның болжасаң, –
Деп iлiп сөздi,
Созды атам. –
Қалжалы бала
Олжалы,
Ырысты болар, жан ботам!..”
Қалжада
Сыр көп бiлемiн,
Кие деп ұқтым мұны өзiм:
“Ауырмай анам,
Бөпем тез
Өссе екен деп тiледiм!”


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қалжа өлеңінің авторы кім?

Өтепберген Ақыпбекұлы — осы өлеңнің авторы.

Қалжа өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қалжа өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Өтепберген Ақыпбекұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қалжа өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері