Отаным – еркіндігім
Бұл бетте «Отаным – еркіндігім» атты Қорғанбек Аманжолов жазған отан туралы өлең берілген.
Жүрегімде жыр оты жанса егер де,
Парасаттан түйір дән болса менде.
Бәрі де, бәрі дағы сенікі – Отан,
Ақтық сыр да – ажал кеп алса демде.
Ізіме жүріп өткен көз тігерсің,
Ұланым үлгере алмай кетті дерсің.
Беу, Отаным, өзіңнің бір бөлшегің,
Мына менің кеудемде деп білерсің.
Жоғалтпаспын жүректі – бөлшегіңді,
Қорғаным деп біл мені ең сенімді.
Орманым деп біл мені Тайга сынды.
Арманым деп біл мені әмсе нұрлы.
Өлсем де өзім – саған кір келтірмеспін,
Тоқтатпас жүректегі толқынды ешкім.
Отан – анам, сен менің еркіндігім,
Кәмілмін жеңбесіне еркімді ешкім.
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі