Өлең, жыр, ақындар

Жазғытұры

  • Bain
  • 26.04.2015
  • 1
  • 5
  • 36370
Су ақты, жетті апрель, қырдан ойға,
Секіріп арық-тұрақ кетті тойға.
Жас бала: «Жазғытұры туды»,- десіп,
Жабағы, көтерем тай, ақсақ қой да,
Қуанып жан-жануар, алшаң басып,
Қалмады қайғы-уайым ешбір ойда,
Нұрлы күн алтын нұрын шаша бастап,
Шықсын деп қысқы ызғар өткен бойға.
Су ақса, тау жаңғырар сылдыр қағып,
Дәл сұлу бұраңдаған шолпы тағып.
Түрлі үнмен жаңа келген жылдың құсы
Тұрғандай қобыз ойнап, әнге салып.
Ұлы бай жылқы қамап, қыл күзеуге
Белсенген жылқышыға ноқталатып.
Балалар етек түріп, зыр жүгіріп,
Батпаққа бірін бірі домалатып,
Қырдағы жылқышар ұйқы көрмес,
Қолынан қулық бие құлындатып.
Май кірді, жер құлпырды, гүлдер жайнап,
Жібектей көкорайлар жатқан жайрап,
Сұлудай бұраңдаған бұтақтарда
Ән салып әр түрлі құс тұрған сайрап,
Суықтан тоңып өлген шыбын-шіркей
Тіріліп, қанат қағып, быж-быж қайнап,
Аспанда күн күркіреп, от жарқылдап,
Жылы жел қара бұлтты тербеп айдап.
Уызға жаңа тойған жас құлынды
Шыңғыртып жылқышылар ұстап, байлап,
Азырақ күйлі шыққан қысыр тайын
Балалар шапқыласқан мініп жайдақ .
Қыс қысқан арық-тұрақ, жаман-жәутік
Кетті ғой әлдеқашан тырақайлап.
Жаратқан жанға рахат жазғытұрды
Шүкір қыл бір Аллаға «я, құдайлап».



Пікірлер (5)

Əнзір Ибрагим

Жарайсыңдар мың алғыс осы сайтқа

Жансая

Рахмет

Мұқатқыщы Әлфия

Өте керемет өлең екен

Мұқатқызы Әлфия

Осы өлеңді бізге жаттауға берген еді

Пікір қалдырыңыз

Ф...ға

  • 0
  • 1

Он екі айдың еркетайы – Май келді,
Жұлдыздар да жымыңдайды, Ай күлді.
Қалың қардың құшағынан құтылып,
Сылдыр-сылдыр сылдырады – сай күлді.

Толық

Жазғы түнде

  • 0
  • 0

Судай сұлу қара көз
Сүйгеніне берген сөз:
Белгілі жерден табылмақ,
Қараңғы жаздың түнінде.

Толық

Тілегім

  • 1
  • 2

Көрмейін рақат, жанайын,
Жалын болсын маңайым,
Күйейін, азап шегейін.
Жансын денем, күш бітсін,

Толық

Қарап көріңіз