Күзгі көрініс – Асқаржан Сәрсеков

Бұл бетте «Күзгі көрініс» атты Асқаржан Сәрсеков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 24.06.2019
  • 0
  • 0
  • 3861
Күздің салқын самалы
Аймалайды маңдайдан.
Алып қашып барады
Жапырақты сарғайған.

Тыныстаған ырғалып
Бақ-бау қандай, гүл қандай?
Сары қыздар жиналып
Сыбырласып тұрғандай...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері