Немере

Бұл бетте «Немере» атты Нағашыбай Мұқатов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 24.06.2019
  • 0
  • 0
  • 5019
Биіктегі күнім бе,
Бау ішінде гүлім бе,
Санжар атты немере
Бірге толды бүгінде.

Түр-түсі де өзгерді,
Күлкісі де өзгерді,
Қартайған ата-әжеге
Қызық бар ма өзге енді.

Қылығы да сүйкімді,
Қозғалысы да сүйкімді,
Тәттілігін сезген соң
Тіпті ұмыттым ұйқымды.

Қуаныш нұры тараған,
Көзі күлімдеп қараған,
Нағыз бақыт иесі –
Немересі бар адам.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Немере өлеңінің авторы кім?

Нағашыбай Мұқатов — осы өлеңнің авторы.

Немере өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Немере өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Нағашыбай Мұқатов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Немере өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері