Бұл бетте «Менің «Әліппем»» атты Адырбек Сопыбеков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Қолға кітап тигеннен,
Таудай болып үйге енгем.
«Анашым» деп жазуды,
«Әліппеден» үйренгем.
Әріптің біліп қанығын,
Өмірдің көрдім анығын.
«Әке» деп те жазуды,
«Әліппеден» таныдым.
Білем байтақ даланы,
Білем үлкен қаланы.
«Әліппеде» бәрі тұр,
Білем жақсы баланы.
Әскерде жүр өз ағам,
Арнап жақсы сөз оған.
«Әліппеден» үйрендім,
Хатты өзім жаза алам.
Орындалып тілегім,
«Әліппеден» түледім.
Қызық-қызық енді мен
Ертегі айта білемін.
Шеше аламын жұмбақты,
Ажыратам жан-жақты.
Білім беріп «Әліппем»,
Жүрегіме шам жақты.
Қолымнан мен тастаман,
Артық көрем басқадан.
Барар жолды білімге
«Әліппеден» бастағам.
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі