Төрт түлік баласы
Бұл бетте «Төрт түлік баласы» атты Нұрхан Жанаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Түйе баласын «бота» дейміз,
Кішкене бір жота дейміз.
Жылқы баласын «құлын» дейміз,
Желбіреген тұлым дейміз.
Сиыр баласын «бұзау» дейміз,
Сүзісем дейтін бұзық-ау дейміз.
Қой баласын «қозы» дейміз,
Енесінің нақ өзі дейміз.
Ешкі баласын «лақ» дейміз,
Шұнтыңдаған шұнақ дейміз.
Кәне, тағы қайталайық,
Мүдіріссіз айта алайық:
Бота,
Құлын,
Бұзау,
Қозы,
Лақ.
Айту енді қиын емес
Төлдер жайлы құрсақ кеңес.
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі