Мезгіл

Бұл бетте «Мезгіл» атты Айтуар Өтегенов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 28.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1566
Бойымда күш-қайратым жанады есіп,
Көңілім «жігіт» десең қалады өсіп.
Жүргенімде өзімді есейдім деп,
Біреулер отырады-ау «бала» десіп.
Жігітпін...
Жігітпін мен, бала емеспін,
/Он сегізім, сын тақпас саған ешкім/,
Күміс күнім көгімнен күліп шығып,
Жаныма құштарлықтың самалы есті.
Асаумын...
Амалым жоқ ұрынбайтын.
Жүректен жырымды айтып, сырымды айтып.
Қыздар-ау, әзілдесем айып етпе,
Мезгілім бұл сендерге қырындайтын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мезгіл өлеңінің авторы кім?

Айтуар Өтегенов — осы өлеңнің авторы.

Мезгіл өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мезгіл өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Айтуар Өтегенов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мезгіл өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері