Жүрмеспін дырдумен – Айтуар Өтегенов

Бұл бетте «Жүрмеспін дырдумен» атты Айтуар Өтегенов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 28.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1124
Кезімде жүзіндей алмастың,
Мұқалмас шабылса тасқа да.
Мезгілсіз мен ерте солмаспын,
Жүрмеспін дырдумен босқа, аға.
Қынынан тым ерте суырылып,
Қайраққа тым ерте жанылған.
Отқа да тым ерте қурылып,
Ағалар көп менде
Тым ерте танылған.,
Жарасар думанды жыр жасқа,
Жалын бар кеудемде маздаған.
Ал маған, бұл тағдыр бұл жаста,
Бір ерлік істеуді жазбаған...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері