Мектеп бітіру кешінде – Айтуар Өтегенов

Бұл бетте «Мектеп бітіру кешінде» атты Айтуар Өтегенов жазған білім туралы өлең берілген.

  • 28.06.2019
  • 0
  • 0
  • 3229
Адам үшін...
Жыр-өмірге алғашқы қадам үшін.
Жастығымыз үшін...
Он жыл бірге гүлдеген достығымыз үшін.
Арманымыз үшін...
Қыз-жігіт болғанымыз үшін,
Кәмелетке толғанымыз үшін.
Бір өзгеше күйге еніп
Ән шырқадық, биледік.
Асқақтадық, шалқыдық,
Жарасымды, жарасымды әр қылық,
От сезімге малындық та, балқыдық.
Өйткені ертең шар тарапқа кетеміз,
Бір ұяда тату едік өте біз.
Тау бұлағы тосқауылсыз ақпай ма,
Біз іздеген арман қайда, бақ қайда?
Айтыңдаршы!
Ей, адамдар,
Жауап берер қайсың барсың?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері