Бұл бетте «Жас келін» атты Мағжан Жұмабаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
-
Bain
- 26.04.2015
- 2
- 4
- 30755
Жаңа түскен жас келін,
Кемпірлерге ас келін.
Орамал-шаршы бермесе,
Абұйырсыз тас келін.
Алғанға қабақ шытпаса,
Сонда болар бас келін.
Жаңа түскен келіншек
Болмайды тіпті еріншек.
Құдайдың берген тоқтығы -
Ac болады ірімшік.
Жас келіншек - тоқ қонақ,
Болмайды тіпті сұғанақ.
Арып-талып жүрсе де,
Ойлайтыны жақсы атақ.
Бұрқыраған дауылда,
Сабап құйған жауында,
Ләм деп бір сөз шығармай,
Жас келін жүрер сауында.
Бірін бірі іздескен,
Қараңғыда көздескен,
«Басым жерге кіргенше,
Жаным - сен!» деп сөздескен.
Жас келіннің күйеуі -
Мұңын ашар сүйеуі.
Мадина
Вааау
Жанель
Өлең өте тамаша
Лаура
Өлеңді оқығанда бұрынғы қазақы тәрбие, келіннің қандай болуы керек екені анық көрінеді. Қазір ондай мінез сирек сияқты, сондықтан ерекше әсер етеді.
Жас келіннің сабырлығы, еңбекқорлығы, бәріне шыдап жүретіні жақсы берілген. Қарапайым сөздермен жазылса да, мағынасы терең екен.
Осындай өлеңдерді оқығанда бұрынғы дәстүр мен тәрбие қандай болғанын түсінесің. Жақсы жазылған, ой қалдыратын өлең екен.