Жас Мағжанға
Бұл бетте «Жас Мағжанға» атты Мағжан Жұмабаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
-
Bain
- 26.04.2015
- 1
- 6
- 26283
Мағжан депті біздің Бәкең баласын,
Қарашығым, бүлдірген бөбек, адасым!
Сұрайсың ғой: «Қайдан келдің, аға?- деп,
Енді қайда жол тартып сен барасың?»
Бұл сөзіңе мен айтамын, қарағым:
Ойдан шықтым, ойға тағы барамын.
Көптен өзін ұстамап ем қолыма,
Тотыққандай болды мынау қаламым.
Оқасы жоқ, тотықса, енді ашылар,
Қаламымнан тағы сөзім шашылар.
Сен, бөбегім, ержетерсің, өсерсің,
Толқындар да толқып-толқып басылар.
Мен туғанда ақын ағам келді де,
Келіп, маған ақ батасын берді де.
Өс, бөбегім, жас балауса құрақтай,
Өмір - керуен, бір сәт тоқтап көрді ме?!
Адеми олен шумактары
Мағжан ақын өлеңдері тұнық мұхит түбінде жатқан асыл тастанда - қымбат!!!
Кімге арнап жазылған?
Маган арнап жазылган, ок
Мағжан Жұмабаевтың «Жас Мағжанға» өлеңі – терең мағынасы бар, рух пен сезімді қатар жеткізетін ерекше туынды. Бұл өлеңнен жас ақынның ішкі толғанысы, өмірге деген көзқарасы және болашаққа деген сенімі анық байқалады. Жалпы, Мағжан поэзиясы әрқашан жастарға жігер беріп, ұлттық рухты оятуға бағытталғаны белгілі .