Кеудемде менің – Айтуар Өтегенов

Бұл бетте «Кеудемде менің» атты Айтуар Өтегенов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 06.07.2019
  • 0
  • 0
  • 1319
Кеудемде менің:
Жайнаңдар шоқ болып,
Төстегі жарқылдар,
Ойнаңдар ақ көбік,
Ақ көбік толқындар.
Атыңдар тербетіп,
Гүлдерді таң нұрлар,
Жатыңдар селдетіп,
Селдетіп жаңбырлар
Тіл бітіп тастарға,
Орнаңдар ақ шыңдар.
Фонтандар аспанға,
Аспанға шапшыңдар,
Алмайын жоғалтып,
Көрмейін тапшылық,
Гүлдеңдер адалдық,
Гүлдеңдер жақсылық.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері