Маған ыстық бұйрат құмдар, шағылдар – Айтуар Өтегенов

Бұл бетте «Маған ыстық бұйрат құмдар, шағылдар» атты Айтуар Өтегенов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 06.07.2019
  • 0
  • 0
  • 1270
Маған ыстық бұйрат құмдар, шағылдар,
Маған ыстық ұстатпайтын сағымдар.
Не ойлайды екен қаладағы мен жайлы,
Дала ұлдары Мұқандар мен Сағындар.
Жоқ ұлыңда өзің жайлы ой бөтен,
Алып ұшам саған ылғи ей, мекен.
Олар мені жөнді, жөнсіз кінәлап,
Оны қойшы, тайқып жүрген, - дей ме екен.
Айыпта дос, айыптама әйтеуір,
Қинайды ғой мені осы жай тегі.
Ұстасам деп, ұстасам деп жалынан,
Бір арманды қуып жүрсем қайтемін...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері