Қызғанасың, сен мені қызғанасың – Айтуар Өтегенов

Бұл бетте «Қызғанасың, сен мені қызғанасың» атты Айтуар Өтегенов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 06.07.2019
  • 0
  • 0
  • 3424
Қызғанасың, сен мені қызғанасың,
От боласың, кей-кейде мұз боласың.
Шашын талдап ес-түссіз жұлардайсың,
Көрсең тұрған қасымда қыз баласын.
Қызғанасың, сен мені қызғанасың.
Қызғанамын, мен сені қызғанамын,
Шоқ боламын, кей-кейде мұз боламын.
Қарақұсын оюға бармын мен де,
Саған күліп сөйлеген бозбаланың.
Қызғанамын, мен де сол қызғанамын.
Бұның бәрі көп күдік үйгендіктен,
Бұның бәрі бөтен ой түйгендіктен.
Бұның бәрі мен білсем ең әуелі,
Ес-түссіз сүйгендіктен,
Иә, иә, сүйгендіктен.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қызғанасың, сен мені қызғанасың өлеңінің авторы кім?

Айтуар Өтегенов — осы өлеңнің авторы.

Қызғанасың, сен мені қызғанасың өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қызғанасың, сен мені қызғанасың өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Айтуар Өтегенов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қызғанасың, сен мені қызғанасың өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері