Шөлдегі сағым – Қадыр Мырза Әли

Бұл бетте «Шөлдегі сағым» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 25.04.2019
  • 0
  • 0
  • 3696
Теңіз боп көкжиек төнеді:
Толқындар кұлайды еңкейіп.
Алысың жақындап келеді,
Кішкенең кетеді үлкейіп.
Дегендей тіршілік бар тағы,
Аңдардың жаралы, ақсағын
Армандай өзіне тартады
Айна көл тәрізді ақ сағым.
Жоқтауы басылып мұң-желдің,
Жал құмдар жаңбырға малшынар.
Әзірше ақ сағым
Құм шөлдің
Түсіне кірген су, көл шығар.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Шөлдегі сағым өлеңінің авторы кім?

Қадыр Мырза Әли — осы өлеңнің авторы.

Шөлдегі сағым өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Шөлдегі сағым өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қадыр Мырза Әли өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Шөлдегі сағым өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері