Біреулерді мерт қылып аламын деп

Бұл бетте «Біреулерді мерт қылып аламын деп» атты Мұқағали Мақатаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 14.04.2015
  • 1
  • 8
  • 27579
Біреулерді мерт қылып аламын деп,
Ашуыма ауыздық саламын кеп.
Тентек іні бетіме тік қараса,
Жасқанамын жандай-ақ залалым көп.

Бағамын деп әркімнің қас-қабағын,
Балам қабақ шытса да жасқанамын.
Сәлемімді біреулер алмай кетсе,
Екі иығым салбырап, пәс қаламын.

Досым өтсе алдымнан қырын қарап,
Боз торғайым кеудемде шырылдамақ.
Естігісі келмейді бәтшағардың,
Қорғасынмен құлағын тығындап ап.

Қайсыбіреу қарайды айдаһарша,
Түрпайы әзіл,түрпі сөз - қайда барсам.
Қайтер еді, ожардың шарығына,
Ашуымды қайтадан қайрап алсам?!


Пікірлер (8)

орка

керемет өлеңдер

Иалплпсти

М.Мақатаевтің өлеңдері өте тамаша

Аяулым

Ттакпак

Аяулым

Жаттау

Аяжан

Мұқағали Мақатаевтың Біреулерді мерт қылып аламын деп өлеңі ұнады

Аяжан

Жақсы

Нұржанқызы Аяна ♡

Рахмет сіздерге

Осман

Мұқағали Мақатаевтың бұл өлеңін оқып шығып, адам эмоциялары мен ішкі күрес туралы терең ойға қалдым. Ақынның тілді шебер қолдануы, сезімді жеткізуі шынайы, көңілге жақын. Өлеңдегі ашу мен сабыр, жеке тұлға мен қоғам арасындағы тепе-теңдік сияқты тақырыптар қазіргі өмірмен тығыз байланысты. Мұндай шығармалар бізге адамгершілік пен адам жүрегіндегі нәзіктік туралы тағы да ой салады. Мақаладағы өлең мазмұны мен стильі өте әсерлі, әрі оқырманға ой тастайды. Сайтта осындай қазақ әдебиеті классикасы өлеңдерін бөліскендеріңіз үшін алғыс!

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Біреулерді мерт қылып аламын деп өлеңінің авторы кім?

Мұқағали Мақатаев — осы өлеңнің авторы.

Біреулерді мерт қылып аламын деп өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Біреулерді мерт қылып аламын деп өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мұқағали Мақатаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Біреулерді мерт қылып аламын деп өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері