Сәулелі достық мендегі тілек – Айтуар Өтегенов

Бұл бетте «Сәулелі достық мендегі тілек» атты Айтуар Өтегенов жазған достық туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 06.07.2019
  • 0
  • 0
  • 2280
Кек пенен ызаны оқ қылып ататын,
Солдаттар майданда қансырап жататын.
Ыңырсып, күрмеліп әрең тіл қататын,
Соғыстың апатын,
Көргем жоқ.
/Көру үшін де өмірге келгем жоқ/.
Бірақ, мен жауыздық, тағылық ісімен,
Тарихта қалдырған өшпейтін ізімен.
Естумен, аяғы, қолы жоқ кісіден,
Түсінем.
О, менің киелі мекенім,
Соғыстың құнының не екенін.
Қайтадан сол өртің жанбасын,
Жүректер шаттықты толғасын.
Сұм қайғы басқа кеп қонбасын,
Армандар солмасын, -
Деп ұлың тапжылмай қырағы,
Ей, Отан, күзетінде тұрады.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сәулелі достық мендегі тілек өлеңінің авторы кім?

Айтуар Өтегенов — осы өлеңнің авторы.

Сәулелі достық мендегі тілек өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сәулелі достық мендегі тілек өлеңі не туралы?

Бұл шығарма достық туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Сәулелі достық мендегі тілек өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері