Пәк адамға ғайыптан

Бұл бетте «Пәк адамға ғайыптан» атты Айтуар Өтегенов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 06.07.2019
  • 0
  • 0
  • 1174
Пәк адамға ғайыптан,
(Дәлелім мол сүйенер).
Тағылады айыптар,
Жағылады күйелер.
Ел мықтысын «жазалау» –
«Зікіршілер жиыны».
Ол күйені тазалау,
Қиындардың қиыны.
Өтірік-шын амалдап,
Кездер болды есірген.
Депутатты жамандап,
Әкімдерді кетірген...
Осылайша әңгүдік,
Айлаларын асырды.
Ойбайлауды «ән» қылып,
Киелерді қашырды.
Малұғындық әрекет,
Болып алды жиі өнер.
Ұрса деймін соларды,
Маңғыстаулық киелер.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Пәк адамға ғайыптан өлеңінің авторы кім?

Айтуар Өтегенов — осы өлеңнің авторы.

Пәк адамға ғайыптан өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Пәк адамға ғайыптан өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Айтуар Өтегенов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Пәк адамға ғайыптан өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері