Сырыңды аш ұлыңа – Айтуар Өтегенов

Бұл бетте «Сырыңды аш ұлыңа» атты Айтуар Өтегенов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 08.07.2019
  • 0
  • 0
  • 1611
Мен де саған бөтен емес, бел бала,
Бұл жерде өмiр сүре алады Ер ғана.
Сырыңды ашшы, сен ұлыңнан бүкпешi,
Шерқала!
Бiр кезде Шер,
Қазiр ендi Көр қала.
Алтын-күмiс,
Жiбек нарға арта ма,
Бал жасайтын шырын қосып тортаға.
Қасыңдағы Қызылқала қыз мiнез,
Самал желпiп арқаңа.
Тұратұғын қан базарың тарқамай,
Шерқаланы мен iздеймiн картадан.
Бiрақ, бiрақ таба алмаймын, таппаймын,
Жүрегiмде шешiлмес шер, жатты-ай мұң.
Сол тарихты iш-бауырым елжiреп
Жоқтаймын.
Қыш құмыра сынықтары көзiме
Басылады оттай бiр.
Құлақ тосам
Дауыстарға, үндерге
Мекен болдың екен, сiрә, кiмдерге?
Сәйгүлiгiн аш күзендей бүгiлтiп
Кiмдер екен жортқан талдай түндерде?
Бiлмей қалай тоқмейiлсiп жата алам
Тарихымды iргемде?
О, Шерқала, Шерқала!
Мен де саған бөтен емес, бел бала.
Бұл жерде өмiр сүре алады Ер ғана.
Сырыңды ашшы, сен ұлыңнан бүкпешi
Бiр кезде Шер,
Қазiр бiрақ Көр қала!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сырыңды аш ұлыңа өлеңінің авторы кім?

Айтуар Өтегенов — осы өлеңнің авторы.

Сырыңды аш ұлыңа өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сырыңды аш ұлыңа өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Айтуар Өтегенов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сырыңды аш ұлыңа өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері