Ақборан. Отар. Амандық – Айтуар Өтегенов

Бұл бетте «Ақборан. Отар. Амандық» атты Айтуар Өтегенов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 08.07.2019
  • 0
  • 0
  • 2413
1985 жылдың ақпаны. Қарақұм. Каникул кезiнде ақ боранмен арпалысып, қоғам малын апаттан сақтап қалу жолында жан қиған Алматы зоотехникалық-малдәрiгерлiк институтының студентi Амандық Есбаев туралы сөз. Ол осы ерлiгi үшiн қаза болғаннан кейiн
“Құрмет белгiсi” орденiмен марапатталды.

Жеке мүдде, деймiз және қоғамдық,
Осы екеуi – сынға салып Адамды.
Келбетiңдi кескiндейдi сондықтан,
Коллектившiл едi бiздiң Амандық.
Бiлетiн-дi қайсарлықтың не екенiн,
Бiлетiн-дi жайсаңдықтың не екенiн.
Бiлетiн-дi аярлықтың не екенiн,
Мақсат үшiн даярлықтың не екенiн.
Алматыдан аңсап әсте келген-дi.
Қарақұмын – мекенiн.
“...Сағындым ғой жусан өскен төбеңдi,
Шалқымайсың неге ендi,
Ұлың келдi чемпион боп бокстан...”, –
Деген-дi.
...Асау ақпан ақ бораны оқыстан,
Соқты дағы,
Басып кеттi аула, қотан, көгендi...
Оралмаған отар үшiн тыпыршып,
Дей бердi Ана:
“Амандығым бөгелдi ғой, бөгелдi...”
Ал Амандық – кең даланың боздағы,
Безбендедi қоғам малын, өз жанын.
(Қойды тастап тартып кетсе ауылға,
Өлмес едi, болар едi-ау олжалы).
Жазда жайнар бүлдiргендi, аршалы,
Терең сай да қабақ түйiп қарсы алды.
Қайырам деп қайыртпаған отарды,
Шаршады әбден, шаршады ол, шаршады.
Бiрiншi күн ақ боранмен алысты,
Екiншi күн ақ боранмен алысты.
Үшiншi күн, үшiншi күн студент,
Құлап түстi талықсып...
Төртiншi күн тапты үсiген денесiн,
Iздеушiлер жалын жүрек арыстың...
Күн де күлдi қабақ түйiп бұртиған,
(Бұл өмiрдiң жалғандығын кiм тыйған).
Жұлып жатты жып-жинақы ал отар,
Жусан басын қар астынан қылтиған...

...Сол жылы қыстан шетiнемей аман шыққан әлгi отардың әр 100 саулығынан 115-тен қозы өрдi. Ал ол қозылар қазiр мыңғырған бiрнеше отар құрады.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ақборан. Отар. Амандық өлеңінің авторы кім?

Айтуар Өтегенов — осы өлеңнің авторы.

Ақборан. Отар. Амандық өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ақборан. Отар. Амандық өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Айтуар Өтегенов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ақборан. Отар. Амандық өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері