Алматым – Қасым Аманжолов

Бұл бетте «Алматым» атты Қасым Аманжолов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 08.07.2019
  • 0
  • 0
  • 4410
Келдім сені сағынып,
Алтын ұям — Алматым,
Кең көшеңде басар нық
Мен бір ақын солдатың.
От пен темір сайысқан
Келдім майдан төрінен;
Жер құшам деп көр құшқан
Жауды жеңіп келдім мен.
Сағынышын солдаттың
Сен сұрама, мен айтпан:
Кетті шығып бір ұшқын
Кеудемдегі шыңайттан.
Күлкі жасы аралас,
Ақын да бір жас бала;
Тербет өзің, мауқың бас,
Алтын бесік — астана.
Жүрмін жортып, қызықтап,
Көше қоймай баспаған.
Сыбырлайды жапырақ,
Жалт қарайды тас маған,
Неткен сұлу өмір ең!
Қарай берем үңіліп.
Ғажайып бір мейірмен
Келешегің тұр күліп.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері