Күндей шалқып күлгенің
Бұл бетте «Күндей шалқып күлгенің» атты Қасым Аманжолов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Күндей шалқып күлгенің —
Шаттығыңның нұры ғой;
Шат боп өмір сүргенің
Заманыңның сыры ғой.
Сенің нұрлы жүзіңнен
Көрем бақытты өмірді;
Сенің әрбір сөзіңнен
Күй естілер көңілді.
Сол себепті мен саған
Ғашықтайын құмартам,
Жүрегімнен, жамымнан
Жыр жазамын, сыр айтам.
Күндей шалқып күле бер,
Ақ маңдайлы алма жүз,
Саған сірә тең келер
Жер жаһанда бар ма қыз!
- Бенедикт Спиноза
- Ясунари Кавабата
- Мұстафа Шоқай
- Абай Құнанбайұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі