Болаттың әдеті – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Болаттың әдеті» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 09.07.2019
  • 0
  • 0
  • 1473
Ауылға келсе атты адам,
Тұп-тура соған беттейді.
Сол үшін ұзап қақпадан,
Сол үшін Болат кетпейді.
Тұрмайды, сірә, кімге ұнап
«Қонақжай» ісі Болаттың?
Шабады екен ол, бірақ,
Атына мініп қонақтың.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері