Бұл бетте «Гүл» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
09.07.2019
0
0
2162
Асан мен Үсен гүл екті
Алқызыл, сары, көкпеңбек.
Түрініп жеңді, білекті,
Ерінбей ұзақ етті еңбек.
Тіккендей гүлді кестеге,
Асан мен Үсен жатпады.
Таңертең, түсте, кешке де
Суарды, күтті, баптады.
Жайқалып жазда гүл тұрды,
Ауланың іші құлпырды.
- Әбілда Аймақ
- Әбілда Аймақ
- Әбілда Аймақ
- Әбілда Аймақ
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі