Зуһра – Мағжан Жұмабаев

Бұл бетте «Зуһра» атты Мағжан Жұмабаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Зуһра деген қыз бала,
Беті - алма, жүзі - Ай,
Саусақтары күмістей,
Сүмбіл шаш, көзі - құралай.
Түн сайын көкке қарайды,
Ақырын үнсіз жылайды.
«Жарқырап жұлдыз болсам!»- деп,
Жалынып көктен сұрайды.
Көз жасын көк көреді,
Тілегін Тәңірім береді.
Бір түні ұйықтап жатқанда,
Періште көктен келеді.
Тыныш жатқан сәбиді
Оятуға қимайды.
Жұмсақ, жылы ақ алмас
Қанатпен жүзден сипайды.
Кез ашқанда Зуһра қыз
Болды сұлу бір жұлдыз.
Жарқырап нұрын төгіп тұр,
Төкпейді бірақ нұр күндіз.
Ғазиза, сен де, қарағым,
Жақсы оқып сабағың,
Сұлулыққа ұмтылып,
Тәңіріден тілеп, жас төгіп,
Сұра жалын - Зуһра бол!


Пікірлер (3)

Айқын

Өте керемет өлең

.

Маған ұнады рахмет

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Зуһра өлеңінің авторы кім?

Мағжан Жұмабаев — осы өлеңнің авторы.

Зуһра өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Зуһра өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мағжан Жұмабаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Зуһра өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері