Көбелек
Бұл бетте «Көбелек» атты Мағжан Жұмабаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
-
Bain
- 26.04.2015
- 1
- 7
- 36503
Отқа ұшар көбелек,
Қарамай, сорлы, алды-артын.
Ойына кіріп-шықпайды
Күйдірер деп от-жалын.
Шырқ айналып ентелеп
Жүрер де, бір уақ ол қонар.
Ұмтылған оты сорлыны
Күйдірер де, тез тынар.
Құрбылар, іске бет алсақ,
Ойламай қанат қақпалық,
Анау жарық - алтын деп,
Көрінгенге шаппалық!
Желімен кетсек қанаттың,
Көбелектей күйерміз.
Алам деп алтын барғанда,
Күлден кебін киерміз.
УНАДЫ
Керемет
Күшті
Керемет
Әсерлі әрі керемет
Мағжан оқуларына дайындалып жатыр едім осы өлеңді жаттау бұйырыпты