Бұл бетте «Той жыры» атты Абдрахман Асылбек жазған мерекеге арналған өлең берілген.
Бүгін, біздің, балалар,
Туған күнгі тойымыз.
Бәріміздің барабар
Бойымыз бен ойымыз.
Кел, балалар, ойнайық,
Туған күнді тойлайық.
Ертең тағы сабақ бар,
Оқуды да ойлайық.
Сәби едік кеше біз,
Жігіт болып өсеміз.
Мұхиттарды кешеміз,
Көк әлемін кеземіз.
Кел, балалар, ойнайық,
Туған күнді тойлайық.
Ертең тағы сабақ бар,
Оқуды да ойлайық.
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі