Көңіл – Мағжан Жұмабаев

Бұл бетте «Көңіл» атты Мағжан Жұмабаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Сұм көңілге разы емен мен,
Тез жанад да, тез сөнед.
Бір тілегін істесең сен,
Оған басқа ой келед.
Жас баладан артық жеңсік
Мұндай нәрсе көрмедім.
Тұрағы жоқ шайтан секек,
Тіпті-ақ сырын білмедім.
Бір жар іздеп, болса әуре,
Таптым, бардым қасына.
«Аш құшағың,- дедім,- сәуле!»
Шомылып көз жасыма.
Жанған жүрек, жасты көріп,
Көңілі сенгіш перизат:
«Ақырын,- деді қолын беріп,-
Жанба, сәулем, көрме жат!»
Жанып-күйіп сүйсе таңда,
Кешке сөнген ол отсыз.
Бүгін мұнда, ертең анда,
Тым-ақ нәрсе ұятсыз.


Пікірлер (4)

lazzatjum

Басқада өлеңдер бар ма?

 

Арайлым

Сайтта өлеңдер бөлімі бар сол жерде көөөөп ))

Аружан

Керемет

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері