Қолқанат
Бұл бетте «Қолқанат» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
«Біздің Болат қолқанат», –
Десе папам болғаны-ақ,
Тындырамын бар істі,
Тыным таппай жорғалап.
Көмектесем мамама,
Көмектесем ағама.
Жараспайды жалқаулық
Ақылы бар балаға.
Отынды да жарамын,
Дүкенге де барамын.
Үлкендерге осылай
Мен қолқанат баламын.
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі