Дуэт – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Дуэт» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 19.07.2019
  • 0
  • 0
  • 2123
Ардақ пенен Арманды
Көршілері мақтайды.
Өйткені, олар бар маңды
Даң-дұң қылып жатпайды.
Ертеменен тұрып ап,
Патефонды бұрайды.
Ауыз үйге шығып ап,
Жақсы дуэт құрайды.
Ардақ ән сап тұрады,
Даусы әсем құбылып.
Арман биге шығады,
Иіліп те бүгіліп.
Көргендердің бәріне
Бұл істері ұнайды.
Айта түс деп әлі де,
Қайта-қайта сұрайды.
Арман менен Ардақты
Көршілері мақтайды.
Өйткені, олар салмақты,
Әдептілік сақтайды.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Дуэт өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Дуэт өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Дуэт өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Дуэт өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері