Керек екен бір болу – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Керек екен бір болу» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 05.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1328
Айналайын, алтыным,
Сенсіз өткен әр күнім
Жыл секілді созылып,
Соға берді салқынын.
Оранғандай мұңменен,
Төмен тартып зіл денем,
Мең-зең болып жүремін,
Жоғалғандай бірдемем.
Айналайын, алтыным,
Ал, түнім ше, әр түнім?
Жалғызсырап жатамын,
Бүтін емес, жартымын.
Ғашық жүрек, алайда,
Қиындыққа қарай ма?
Құстай ұшып өзіңе
Жеткім келді қалайда.
Сенсіз тірлік – мұңға еру,
Қиын екен күн көру
Өзіңменен қашан да
Керек екен бір болу.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Керек екен бір болу өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Керек екен бір болу өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Керек екен бір болу өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Керек екен бір болу өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері