Тұрардың толғауы – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Тұрардың толғауы» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 02.08.2019
  • 0
  • 0
  • 4617
(Тұрар Рысқұловқа)

Туылған тар заманда Тұрар едім,
Елім деп еңіреген ұлан едім.
Қолымда құдіретті билік болса,
Тарихты тура жолға бұрар едім.
Мың өліп, мың тірілген қазағым-ай,
Аз ба еді арқалаған азабың-ай?
Тауқімет тартқызатын қайта-қайта,
Тағдырдың тәлкегін-ай, мазағын-ай.
Алқакөл ақтабанды шұбырынды
Аямай созған еді сіңіріңді.
Жаулармен жағаласқан қан майдандар
Қаншама қырқып кетті ғұмырыңды?
Ел едік жаралмаған мұңдық үшін,
Көз көрді жауыздардың сұмдық ісін.
Жатқанда бауырларым баудай түсіп,
Шыбын жан шырқырады шындық үшін.
Ойранды «отыз екі» малыңды алды,
Отады «отыз жеті» дарындарды.
Тұқымың біржолата құри жаздап,
Әйтеуір, шығар-шықпас жаның қалды.
Қаншама шайқатылып шаңырағы,
Қаншама оттың басы қаңырады?
Қалғаны көшіп кетіп, босып кетіп,
Аһ ұрып атамекен аңырады.
Қиянат, көрген қорлық бір бұл емес...
Біржола құрып кету мүмкін емес.
Құлпырған көктемдегі қыраттардай,
Қалайша өртең орны дүркіремес?
Төсекте тыныш жатқан түнің бар ма?
Төскейде тартыспаған күнің бар ма?
Қайтадан қабырғалы ел боларсың,
Қылыштай тілің барда, ұлың барда.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тұрардың толғауы өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Тұрардың толғауы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тұрардың толғауы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тұрардың толғауы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері