Бала алдында көрінеміз баладай

Бұл бетте «Бала алдында көрінеміз баладай» атты Қанипа Бұғыбаева жазған бала туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 06.11.2021
  • 0
  • 0
  • 814
Бала алдында көрінеміз баладай,
(Үлкеннің бәрі бола да бермес, дана Абай).
Ашықтырмай мәңгілік жатқан асырап,
Жер деген ұлы жаны бар ортақ анадай.
Біз баламыз...
тірліктің тартқан бал, уын,
Ауырып қалып, таппаған дерттің дәруын.
Түршіктіріп, сілкінттік, қанша шошытып,
Сол анаға өзіміз жасап шабуыл.
Біз баламыз!..
басынан кетпес балғын шақ,
Уақыттың жүгін мойынға қойған тағдыр сап.
Қорқамын іштей, тартам ба деп зауалын,
Табиғатқа тыныш жатқан қол жұмсап.
Біз баламыз,
бесікте жатқан оянбай,
Мейіріммен уызға татқан тоя алмай,
Жер - ананың араша сұрап шыңғырған –
Жан айқайы жетпеді жанға, ой алла - ай!...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бала алдында көрінеміз баладай өлеңінің авторы кім?

Қанипа Бұғыбаева — осы өлеңнің авторы.

Бала алдында көрінеміз баладай өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бала алдында көрінеміз баладай өлеңі не туралы?

Бұл шығарма бала туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Бала алдында көрінеміз баладай өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері