Өлең, жыр, ақындар

Тістің тақсіреті

  • 10.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1790
Бірде ауырып тісімнің,
Бұзылғаны түсімнің.
Ондай дерттің не екенін
Сонда ғана түсіндім:
Ұзақ таңды таңға ұрып,
Басым қатты мәңгіріп,
Түні бойы теңселдім,
Үйден шығып, сан кіріп.
Қаңғалақтап кеттім-ау,
Түн әйтеуір өтті ме-ау.
Қайдасың деп емхана,
Алып-ұшып жеттім-ау.
Дәрігер тым сабырлы,
Ашып көрді жағымды.
Одан кейін тексерді
Қан қысымды – тамырды.
Деді әлден соң:
– Шырағым,
Қалай еді шыдамың?
Азу тісті құрт жеген,
Түбірімен жұламын.
Басымды изеп «ымм...» дедім,
Келіскенім бұл менің.
Салды ауызға дәрігер
Күрмегі мен ілмегін.
Қысқаш тіске сарт етті,
Көздің оты жарқ етті.
Ауызымнан дірдектеп
Қарақошқыл қан кетті.
Ауып кетті есім де,
Оны пішту десін бе?
Келсе керек дәрігер
Тағы да бір шешімге:
– Тісің неткен мықты еді,
Ісің әлі бітпеді.
Қалып қойды жұлынбай
Бір тармағы түптегі.
Деп соққанда балғамен,
Естен тағы танған ем.
Бір кездері көз аштым,
Шыбын жаным қалды әрең.
Ауыртса да ішіңді,
Ауыртпасын тісіңді.
Дәрігерге тап мұндай
Түсірмесін ісіңді.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Медалист мысықай

  • 0
  • 0

Оныншыны шамасы
Бітіреді Мысықай.
Қылығына қарашы,
Мысықтың тым пысығы-ай:

Толық

Қурай

  • 0
  • 0

Күн күлімдеп көктемде,
Алтын нұрын төккенде,
Жасыл желек бал қурай
Жайқалады көк белде.

Толық

Тәттігүлдің ащы зары

  • 0
  • 0

Осы мен басында
Кім едім, кім едім?
Он сегіз жасымда
Жайнаған гүл едім.

Толық