Бастау – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Бастау» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 25.07.2019
  • 0
  • 0
  • 1144
«Әліппені» аш, қалқам,
«А» әрпімен басталған.
Алла дейміз әуелі,
Алла сөзі әдемі.
Жаратты ол әуелі
Аспан мен Жер, Әуені.
Содан кейін Адамды,
Жан-жануар, тағы аңды.
Көз салсын деп ғаламға,
Ақыл берді Адамға.
Жаратты Адам Атаны
Және Хауа Ананы.
Солар – арғы атамыз,
Солар – алғы анамыз.
Біз солардан таралдық,
Бала болып нәр алдық.
Жаратылыс жүйесі,
Бар әлемнің иесі –
Жалғыз ғана Алла ғой,
Алланы сен алға қой.
Соныменен «Әліппең»
Басталған «А» әрпімен.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бастау өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Бастау өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бастау өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бастау өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері