Қалдың сен талай рет көрмеймін деп

Бұл бетте «Қалдың сен талай рет көрмеймін деп» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 04.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1377
Қалдың сен талай рет көрмеймін деп,
Кеттім мен талай рет келмеймін деп.
Осынша дау айтқызып, өрекпітіп,
Осынша кердеңдеткен нендей міндет?
Қаншама қалғаныңмен көрмеймін деп,
Өкінбен, өзіңсіз де өлмеймін деп.
Қанша рет қыстың мені құшағыңа,
Көңлімді басқа жанға бөлмеймін деп.
Қанша рет кеткеніммен келмеймін деп,
Еркімді өз қолымнан бермеймін деп.
Табылдым талай рет тар бөлмеңнен,
Тағы бір жүрегіңді тербеймін деп.
Түсіндің: сенің үшін мендей ұл жоқ,
Түсіндім: менің үшін сендей гүл жоқ.
Табысып тар төсекте татулықпен,
Тұрармыз бұл өмірде сөнбей күн боп.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қалдың сен талай рет көрмеймін деп өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Қалдың сен талай рет көрмеймін деп өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қалдың сен талай рет көрмеймін деп өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қалдың сен талай рет көрмеймін деп өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері